• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай: Статистика үшін жұмыс жасауды қойыңыздар

4 наурыз күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы қысқа және ұзақ мерзімді жоспарлары талқыланды.

Жиында басқарма басшысы Дастан Мұраталиев өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 2024 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 1 162 жоба субсидиялау құралы арқылы қолдау тапқанын мәлімдеді. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 1 905 жобаға дейін артады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерлер мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне мемлекеттік гранттар беру үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, қараша айында конкурстық рәсімдер өткізілген. Нәтижесінде 20 кәсіпкердің жобасы мақұлданып, 50 жаңа жұмыс орны құрылды.

Басқарма басшысы Дастан Мұраталиевтың айтуынша, өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында «Халық бақылауы» мониторингтік топтарының жұмысы жалғасуда. Қазіргі таңда 53 бақылау тобы сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) тұрақты мониторинг жүргізіп, заңға сәйкес 15%-дан жоғары үстемеақыға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

-Жыл басынан бері делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия 12 отырыс өткізіп, заң бұзушылықтарға қатысты шаралар қабылдады. Нәтижесінде 31 кәсіпкерлік субъектіге әкімшілік хаттама толтырылып, 5 кәсіпкерге айыппұл салынды және 26 кәсіпкерге ескерту жасалды,-деді басқарма басшысы.

Жиында өңір басшысы азық-түлік бағасын бақылау жұмыстарының мардымсыз екенін сынға алып, оны күшейтуді тапсырды.

– Статистика үшін жұмыс жасауды қойыңыздар. Басты мақсат – азық-түлік бағасын тұрақтандыру болуы тиіс. Мониторинг топтары нақты нәтижеге жұмыс істеп, кәсіпкерлердің негізсіз баға өсіруіне қалайда жол бермеуі қажет, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 04.03.2025
  • 46
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика