• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Халықаралық әйелдер күні сән-салтанатымен аталып өтті

Бүгін, 7 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік жиында маңғыстаулық нәзік жандыларды құттықтап, құрмет көрсетті. Қарапайым жұмысшы қызметін атқарып, аймақтың
дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар әйелдерге мемлекеттік наградалар табысталды.

Өңір басшысы өз құттықтауында қазақ тарихындағы әйел-ананың рөліне тоқталып, олардың ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.

- Біз ежелден ананы ардақтаған халықпыз. Бүгін Мемлекет басшысы мерекеге арналған құттықтау сөзінде ананың рөлі туралы терең нәрселерд айтып өткен еді. Расында да, әр ана өз баласының әулиесі. Тоғыз ай, он күн құрсағында көтеріп, түн ұйқысын төрт бөліп, біз мұңайсақ мұңайып, біз қуансақ бірге қуанатын міндетсінбей, шартсыз жақсы көретін ол біздің асыл аналарымыз. Анадан асқан қасиет, құдірет жоқ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама еңбек адамының мәртебесін көтеруге, жастарды сұранысқа ие кәсіптерге баулуға бағытталған. Арамызда осындай жұмысшы мамандықтарын игеріп, қоғамға зор пайдасын тигізіп жүрген аналарымыз, апаларымыз, қарындастарымыз бар. Сіздердің еңбектеріңізге алғысымыз шексіз! Сіздер отбасының берекесі ғана емес, тұтас қоғамның тірегісіздер. Осы бірегей қасиеттеріңіз әрдайым бағаланып, мерейлеріңіз үстем болсын! – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Мерекелік жиында қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшы әйелдерге мемлекеттік наградалар табысталды.

Атап айтқанда, «Құрмет» орденімен «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханашысы Гүлнар Теңелбай марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медаліне жеке кәсіпкер Сағира Жетегенова, «Green City Aktau» ЖШС көгалдандырушысы Тазагүл Жолдыбаева, «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК медбикесі Жамиға Өтеғалиева және «Мұнайлы аудандық ауруханасы» МКК медбикесі Бибігүл Төкенова ие болды.

Маңғыстау облысының Құрмет грамотасы Облыстық бактериологиялық зертханасы, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері Тыныштық Сатыбалдина, «Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аккумис Бисеноваға табыс етілді.

Сондай-ақ, облыс әкімінің Алғысымен «Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ-нің еден жуушысы Кадиша Бижанова,«МАЭК» ЖШС-нің Жөндеу-құрылыс жұмыстары басқармасының 5 санатты майлаушысы Клара Бейсенова және «Ақ-Нек» сүт зауыты, пастерлеу қондырғысының операторы Гульсара Айджанова марапатталды.

Салтанатты шарада елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, нәзік жандыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 07.03.2025
  • 41
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика