- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ITB Berlin 2025: Халықаралық көрмеде Маңғыстау облысы бірқатар келісім шарт жасасты
ITB Berlin Халықаралық туристік форумы аясында Еуропа мен Азияның жетекші туристік компанияларының өкілдерімен нәтижелі кездесулер өтті. Маңғыстау облысының туристік әлеуетін ілгерілету, ынтымақтастық перспективалары және туризм саласындағы бірлескен жобалар жасау мәселелері талқыланды.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев Германияның “Herzlich Willkommen” туристік компаниясының басшысы Томас Мурмен және Тәуелсіз саяхатшылар альянсы, қаржы жөніндегі вице-президент Винфрид Шульцемен кездесіп, Неміс туроператорларымен әріптестік, іскерлік қарым-қатынас орнатып, бірлескен жобалар жасауға уағдаласты. Ал, Маңғыстаулық туроператорлар Қытай, Түркия, Мальта, Италияның ірі компанияларымен келіссөздер жүргізіп, бірқатарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты-Маңғыстаудың туристік әлеуетін халықаралық нарыққа шығару. Шетелден туристерді тарту үшін жаңа маршруттар әзірлеу және бірлескен туристік өнімдерді құру.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 11.03.2025
- 24