- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтерді тұтынушыларға қоғамдық қабылдау өткізді
2025 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді. Осындай іс-шараларды бүкіл ел бойынша ведомствоның аумақтық департаменттері ұйымдастырды.
Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook арқылы онлайн форматта таратылды, бұл барлық тілек білдірушілерге өз сұрақтарына жедел жауап алуға және қосылуға мүмкіндік берді.
Қабылдау Комитет төрағасының орынбасары Қанат Құлназаровтың төрағалығымен және салалық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қоғамдық қабылдау барысында ТМРК қызметкерлері электр энергиясы нарығындағы жағдай және тауарлық газдың бөлшек сауда бағасы туралы, сондай-ақ уәкілетті органның қарауындағы сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы өтінімдер туралы хабарлады.
Бұдан басқа, ТМРК қызметкерлері Қазақстанның энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымының жай-күйін жақсарту және коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыру болып табылатын энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру туралы айтып берді. Осы жоба шеңберінде инфрақұрылымның апаттылығын төмендету және коммуналдық қызметтерді үздіксіз ұсынуды қамтамасыз ету-негізгі міндет көзделген.
Сондай-ақ, Комитет қызметкерлері тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізудің ағымдағы жағдайы туралы айтты: сумен жабдықтау саласында олар 18 өңірде, ал жылумен жабдықтау саласында — 16 өңірде енгізілді.
Қоғамдық қабылдау барысында тұтынушылардан сұрақтар түскен жоқ
- 11.03.2025
- 8