• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Форт-Шевченко қаласында өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

Бүгін, Амал мерекесі қарсаңында Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жаңа аудандық өнер мектебі ашылды. Өнер бе­сігінің ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі күйші Сержан Шәкірат, құрметті профессор,Маңғыстау өнер колледжінің оқытушысы Аманбек Сүндетов және ата-аналар мен оқушылар, аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты шарада аймақ басшысы тұрғындарды жаңа балалар өнер мектебінің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

- Мемлекет басшысы әрдайым Маңғыстау өңіріне ерекше көңіл бөледі. Мәдениет – аясы кең ұғым. Бүгінгі жастардың бәсекеге қабілетті болып, елдің алдыңғы қатарынан көрінуі үшін, ең алдымен, мәдениетті үйрету керек. Ал жас ұрпаққа үлгі көрсету – біздің міндетіміз. Бүгін ашылған жаңа өнер мектебі жас таланттарды тәрбиелеп, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын маңызды орталыққа айналарына сенемін. Бұл мектептен шыққан шәкірттер болашақта еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде танымал болсын! – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Заманауи өнер ордасы домбыра, қобыз, баян, фортепиано, ән-терме, вокал, би, бейнелеу өнері, қолөнер, тоғызқұмалақ, дойбы, драма және хор үйірмелері бойынша 1500-ге жуық оқушыны өнерге баулып отыр. Жаңа нысанда 400 орындықты көрермен залы бар.

Балалар­дың бо­йындағы қабілетін шыңдау мақ­сатында тұсауын кескен мек­тепке оқушылар 7-8 жастан бастап қабылданады. Оқушылар хареография сыныптарында 7 жыл, домбыра үйірмесінде 5 жыл білім алып, арнайы куәлік алады.

Жаңа өнер ордасының ашылу салтанаты аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист, Түпқараған ауданының Құрметті азаматы, бірнеше кітаптың авторы Айсағали Қыдырдың «Маңғыстаудағы алғашқы АВТО шаруашылық» атты кітабының тұсауы кесілді.

Бұл еңбек 1957 жылы колонна ретінде құрылып, уақыт өте автобазаға айналған, кейіннен іргелі кәсіпорынға өсіп-жетілген Форт-Шевченко 1804 автокөлік кәсіпорнының тарихы мен еңбек ұжымына арналған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 12.03.2025
  • 40
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика