• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай лудоманиямен күресуге қатысты бірқатар тапсырма берді

Бүгін, 13 наурыз күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оның профилактикасы жөнінде жиын өтті. Басқосуда өңір басшысы лудоманияға қарсы күрес жүргізу үшін мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу, анонимді Call-орталық ашу сынды бірқатар тапсырма берді. Жиын әлеуметтік желілерде тікелей эфирден көрсетіліп, тұрғындар аталған мәселеге қатысты сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы Айдын Молдабеков өз баяндамасында заңсыз ақша айналымы, бюджет қаражатын жымқыру, контрабанда, заңсыз ойын бизнесі, қаржылық пирамидалар құру және лудоманияның алдын алу мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

- Қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесінің қарқынды дамуы халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігімен байланысты. 2022-2025 жылдар аралығында қаржылық пирамида ұйымдастыру және басқару бойынша 12 қылмыстық іс қозғалып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 28 жасырын ойын залының қызметі тоқтатылды. Барлық қылмыстық істер сотқа жолданып, заңсыз ойын автоматтары жойылды, кінәлілер сотталды, - деді Айдын Молдабеков.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев Айдын Молдабековке алдағы уақытта лудоманиямен күрес жүргізу үшін мемлекеттік гранттарды игеріп отырған үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына да тексеру жүргізуін сұрады.

Ал, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Құдайберген Алмағамбетов өз баяндамасында әлеуметтік желілер мен цифрлық технологиялар арқылы қаржылық пирамидалар мен лудоманияны насихаттаудың жаңа әдістеріне тоқталып, олармен күресу жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу, әлеуметтік желілер мен жарнама алгоритмдеріндегі зиянды контентті анықтау және бұғаттау шараларын күшейту, сандық қауіпсіздік технологияларын дамыту.

Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай лудоманияның қоғам мен мемлекет үшін қауіпті екенін атап өтіп, онымен күресу мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мен басқармаларға тапсырма жүктеді.

- Бүгін біз бұл мәселенің шешу жолдарын бірлесе талқылау үшін жиналдық. Лудомания – қоғам мен мемлекет үшін өте қауіпті. Тез әрекет етуіміз керек. Ол үшін кешенді жұмыс атқарылуы тиіс. Білім басқармасы тиісті басқармалар мен мамандарды, қоғамдық ұйым өкілдерін жұмылдыра отырып, келесі оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына лудоманияның алдын алу сабағын енгізу қажет. Сонымен қатар, анонимді Call-орталық ашып, тұрғындардың өз мәселелерін жасырын айтуларына және қажетті кеңес алуларына мүмкіндік жасауымыз керек. Бұл орталыққа халықтан заңсыз жұмыс істеп тұрған құмар ойындар туралы мәліметтерді де берулерін сұраймыз,- деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жиын соңында аймақ басшысы жергілікті кәсіпкерлердің ұсынысы негізінде Маңғыстауда лудоманияны емдейтін арнайы орталық ашуды қарастыруды және құқық қорғау органдарының басшыларына лудомания мәселесін кешенді түрде бірлесіп шешу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.03.2025
  • 36
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика