• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай отырып ойнау волейболынан өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады

13-15 наурыз күндері Жаңаөзен қаласында отырып ойнау волейболынан екі ірі спорттық шара өтті. Алғашқысы ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты болса, екіншісі «Біз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты инклюзивті спорт жарысы. 

Бүгін аталған жарыстардың жабылу салтанатты өтті. Паралимпиадалық спорт орталығында өткен шараға Маңғыстау облысының әкімі, облыстық паралимпиада федерациясының құрметті президенті Нұрдәулет Қилыбай мен спорт ардагерлері қатысты.

Қазақстан чемпионатына Астана, Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облысының спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Маңғыстау командасы жеңіп алып, чемпион атанды. Екінші орынды Ақтөбе құрамасы алса, жүлделі үшінші орын Қызылорда командасына бұйырды. Астана қаласының командасы үздік төрттікті түйіндеді.  

Сондай-ақ, «Біз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты отырып ойнау волейболынан арнайы жарыс өтті. Оған «ӨзенМұнайГаз» командасы, қала әкімдігі, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттары және «Алға» спорт клубы қатысты.  

Инклюзия мен тең мүмкіндіктерді дәріптейтін жарыстың қорытындысы бойынша «ӨзенМұнайГаз» АҚ командасы мен Жаңаөзен қаласының мәслихаты депутаттарының құрамасы үшінші және төртінші орындарды өзара бөлісті. Ал финалда қала әкімі бастаған қала әкімдігінің командасы мен «Алға» спорт клубы кездесіп, тартысты ойын нәтижесінде «Алға» спорт клубы жеңімпаз атанды. 

 Аймақ басшысы осындай спорттық шаралар арқылы қоғамдағы инклюзияны дамытуға, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға және ардагер спортшылардың тәжірибесін жастарға насихаттауға мүмкіндік беретінін айтты. 

- Бұл чемпионаттар тек спорттық дода ғана емес, ерекше қажеттіліктері бар жандардың қоғамға толыққанды араласуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болды. Турнирлер мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға үлес қосады. Сіздер нағыз батырсыздар, -деді Нұрдәулет Қилыбай. 

Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

  • 17.03.2025
  • 33
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика