- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
«Каспий» су тұщыту зауытының қуаты екі есеге артты
Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытында жаңғырту жұмыстары толық аяқталды.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында зауыт қуаты тәулігіне 20 мың текше метрден 40 мың текше метрге ұлғайтылды. Қазіргі таңда өндіріс автоматтандырылған жүйеде жұмыс істеп тұр.
«Зауыт Ақтау қаласынан бөлек Мұнайлы және Қарақия аудандарын сумен қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта «Каспий» су тұщыту зауытының көлемін тағы 60 мың текше метрге ұлғайтып жеткізіп, 100 мың текше метрге жеткізізу жоспарлануда», — деді «Каспий» су тұщыту зауыты ЖШС директоры Серік Гусман.
- 17.03.2025
- 16