- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 250 ТОННА ЕТ ӨНІМІ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округіндегі ет фабрикасы жылына 250 тонна жартылай ет (фарш) және шұжық өнімін береді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Фабриканың ашылғанына 20 жылдан асты. Оның негізін қалаушы жеке кәсіпкер Игорь Поздняков 144 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы адамдар да бар.
Дайын өнім тек Маңғыстау облысының ғана емес басқа да өңір тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр. Айта кетейік, соңғы жылдары отандық өнімге көрші елдерден де сұраныс бар.
«Кезінде өз қаражатымызбен жартылай ет және шұжық өнімдері халыққа қолжетімді бағада сатылуы үшін аштық. Шикізатты Қостанай облысынан алдырамыз», -деді кәсіпкер Игорь Поздняков.
- 02.03.2021
- 191