- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
ҚР ҰЭМ ТМРК "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2025 жылғы 31 наурыз күні сағат 16:00-де «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының магистральдық темір жол желісінің 2025 жылға арналған қызметіне бекітілген тарифтер мен тарифтік сметаларды өзгертуге қатысты өтінімді олардың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін қарау шеңберінде жария тыңдау өткізетінін хабарлайды.
Жария тыңдау Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 8 үй, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 11 кіреберіс, № 439 кабинет мекенжайында өтеді.
Сонымен қатар, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы және Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің парақшасы арқылы көрсетілетін болады.
«ZOOM» платформасына қосылу үшін конференция идентификаторын, қатысушылардың есебін жүргізу мақсатында, төменде көрсетілген нөмірлерге қонырау шалу арқылы алуға болады.
Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына мына сілтеме бойынша кіруге болады:
https://www.facebook.com/profile.php?id=100067783764461.
Тыңдауға ҚР Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады («Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ақпараты ашық қолжетімділікте https://monopolist.gov.kz/ сілтеме бойынша орналастырылған).
Комитеттің және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы:
тел. +7 (7172) 74-25-13, https://www.gov.kz/memleket/entities/krem?lang=ru,
тел. +7 (7172) 60-55-81, https://railways.kz/ru/.
- 19.03.2025
- 21