• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚДБ стратегиялық жобалар үшін қаржыландыру тартуда: Banco Santander-мен келісімге қол қойылды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) және Испанияның ірі қаржы институты Banco Santander экспорттық қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Құжат Мадридте өткен Қазақстан-Испания іскерлік кеңесінің 8-отырысы аясында рәсімделді. Келісім Қазақстанда инфрақұрылымдық және энергетикалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді кредит тартуға бағытталған.

Келісім аясында Banco Santander экспорттық кредиттік агенттіктердің сақтандыруымен ҚДБ-ға 400 млн еуроға дейін қаржы ұсыну ниетін білдірді. Қаражат халықаралық экспорттаушылардың қатысуымен стратегиялық маңызды жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Бұл қадам Қазақстанға озық технологияларды тартуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықаралық экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Халықаралық экспорттық қаржыландыруды тарту Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Banco Santander-мен келісім – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және озық технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін қаржы құралдарын дамытудағы маңызды қадам. Біз стратегиялық инвесторлар мен халықаралық серіктестерді тарту бойынша белсенді жұмысымызды жалғастырамыз.

Сонымен қатар, Іскерлік кеңес барысында ҚДБ басшысы «Жаңа бизнес-мүмкіндіктер» тақырыбындағы панельдік сессияда сөз сөйлеп, Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен ҚДБ-ның ірі жобаларды қаржыландырудағы рөлін таныстырды. Қазақстандық делегация құрамында Xcalibur, Barceló Hotel Group Ávoris сияқты жетекші испандық компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп, Parque Tecnológico de Valdemingómez және Innovaciones Imabe S.L.U. кәсіпорындарына сапар ұйымдастырылды.

Banco Santander-мен келісімге қол қою және жүргізілген кездесулер халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, шетелдік инвестицияларды тартуға және Қазақстан экономикасының негізгі салаларына озық технологияларды енгізуге ықпал етеді. Бұл қазақстандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, елдің тұрақты дамуына септігін тигізеді.

  • 19.03.2025
  • 50
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика