- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырған шаралар аясында өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қосқан іскер әйелдерді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Олардың ішінде аймақтың кәсіпкерлік саласын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген, әсіресе ауыл әйелдерінің бизнес ашуына ат салысқан қыз-келіншектер бар.
Сондай-ақ шара барысында «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды. «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы» номинациясы бойынша озық шыққан жандар құрметке ие болды.
Шарада озық жобаларымен танылып жүрген іскер әйелдер өзара пікір алмасып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Қауымдастық төрайымы Ирина Беляева өңірдегі қыз-келіншектердің белсенділігін атап өтті.
Жиын соңында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов пен қауымдастық төрайымы Ирина Беляева Азаматтық және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыру бойынша меморандумға қол қойды.
- 02.03.2021
- 266