- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы.
** ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы**
2025 жылғы 19 наурызда Коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің (ҮЕҰ) кезекті отырысы өтті. Кеңес жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ ҮЕҰ басшылары қатысты.
Күн тәртібінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (ТЖ) салдарын жоюда ҮЕҰ әлеуетін пайдалануға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру бөлігінде мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының ҮЕҰ басшыларының балама баяндамалары тыңдалды.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері ҮЕҰ-ның 2026 жылға арналған әлеуметтік жобаларының жоспарланған тақырыптарын да қарастырды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді, олар одан әрі орындау үшін мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.
- 20.03.2025
- 33