- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Құрметті маңғыстаулықтар, ардақты ағайын!
Жер-дүниені нұрлы шуағына бөлеп, шапағын шашқан Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз – жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен бірліктің, ырыс пен молшылықтың белгісі.
Бұл – барша жұртты көктем шуағымен шаттанып, табиғатпен бірге түлеп, өсіп-өркендеуге үндейтін ұлағатты мереке.
Біздің ұлттық құндылықтарымыз, рухани мұраларымыз Наурызбен біте қайнасқан. Ақ пейіл жұртымыз қашанда Ұлыстың Ұлы күнін ақ дастархан жайып, ақ тілекпен қарсы алған. Елдің тыныштығын, халықтың ынтымағын тілеген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы. Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі.
Ақ босағадан аттаған Ұлыстың Ұлы күні отбасыңыздың береке бірлігін нығайтып, жүректеріңізді қуаныш пен жылылыққа толтырсын!
Қадірлі жерлестер!
Халқымыздың мeрeйін өcіріп, терең тамырлы бірегей бoлмыcымызды aйшықтaйтын қacиeтті Нaурыз мeрeкecі eлімізгe, әрбір oтбacынa шат-шадыман қуaныш, ырыс пен құт-бeрeкe, баянды бaқыт пeн мoлшылық әкeлcін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын, ағайын!
Ізгі тілекпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай
- 22.03.2025
- 27