• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі қайта іске қосылған Бейнеу астық терминалының жұмысымен танысты

Бүгін, 23 наурыз күні 2018 жылдан бері жұмысы тұралап қалған Бейнеу астық терминалы қайта іске қосылды. Терминалдың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Halyk қорының басшылары мен аудан ақсақалдары қатысты.

Бұл маңызды инфрақұрылымдық жобаның иесі  “Еуразия Транс Логистик" ЖШС. Маңғыстау облысының әкімдігі «Halyk» қорынан қаржы алып, "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, астық терминалының қайта іске қосылуын қамтамасыз етті. 

Жоба өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында терминалды қалпына келтірудің маңыздылығын атап өткен болатын. Бейнеу астық терминалының қайта іске қосылуы – өңір дамуы үшін стратегиялық маңызды қадам болып отыр.
Өйткені бұл жоба облыстың азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық бағытты күшейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашады,” – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Терминалдың қуаттылығы бір мезгілде 100 мың тонна астық сақтауға мүмкіндік беріп, тәулігіне 400 тонна ұн, жылына 25 000 тонна кебек шығара алады.  

Кәсіпорынның жүк айналымы жылына 2 миллион тоннаға дейін жетіп, шамамен 200 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстанға экспортталады.

Бейнеу терминалының заманауи инфрақұрылымы оны Каспий маңы елдеріне құрлық арқылы жүк тасымалдайтын негізгі логистикалық орталықтардың біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл Маңғыстау облысының экономикалық әлеуетін арттырып, халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдері саудасындағы рөлін нығайтады.

“Halyk қоры Маңғыстау облысының дамуын жүйелі түрде қолдап келеді. Өңір үшін маңызды жобаларға инвестиция салу – біздің басты міндетіміз. 2023 жылдан бері қор бұл аймаққа 4,5 миллиард теңге бөлді, оның ішінде 1,8 миллиард теңге Бейнеу астық терминалын қалпына келтіруге бағытталды. Бұл жоба тек инфрақұрылымдық нысан ғана емес – ол жаңа жұмыс орындары, жергілікті кәсіпкерлер үшін тұрақтылық және елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға үлес қосады,” – дейді Halyk қорының директоры Сағынбек Шүңкеев.

2010 жылы пайдалануға берілген Бейнеу астық терминалы бүгінде толық жаңғыртылып, мемлекет жүргізіп отырған азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіптік экспортты дамыту стратегиясына сәйкес қайта іске қосылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты экономикалық өсім мен өңірлерді дамытуға ықпал ететін осындай инфрақұрылымдық жобалардың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 26.03.2025
  • 28
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика