• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бейнеудегі Бекет Ата жерасты мешіті табиғи газға қосылды

Бүгін, 23 наурыз күні Бейнеу ауданында орналасқан көне Бекет Ата жерасты мешітіне табиғи газ берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты.

Жоба жеке кәсіпкердің  қаражаты есебінен 2025 жылдың қаңтарында басталып, үш айға жуық уақыт ішінде толық аяқталды. Жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын газ құбырының тартылуы – мешітке келушілер үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, тарихи нысанның сақталуына да оң әсерін тигізбек.

Шарада сөз сөйлеген Бекет Атаның жетінші ұрпағы Ташов Қалымбегі ата бүгінгі табиғи газдың тартылуы – ата-бабалар аманатына деген құрметтің белгісі екенін атап өтті.

- Бекет Ата мешітіне табиғи газ тартылуы – бұл тек тұрмыстық қолайлы жағдай ғана емес, бабалар мұрасына деген құрметтің айқын көрінісі. Киелі орындарымыздың сақталуы – болашақ ұрпаққа аманат. Осы игілікті іске атсалысқан жандарға алғысым шексіз, берекеміз арта берсін, - деді Ташов Қалымбегі ата.

Бекет Ата жерасты мешіті – Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандарының бірі. 1771-1775 жылдары тұрғызылған бұл ерекше сәулет туындысы жартасқа ойылып салынған және үш бөлмеден тұрады. Мешіттің негізгі бөлмесі дөңгелек пішінде жобаланып, төбесі жазық күмбез тәрізді жасалған. Оның сыртқы келбеті қазақтың дәстүрлі киіз үйіне ұқсайды.

Сондай-ақ, өңір басшысы Бейнеудегі сапарында «Отпан» жобасы аясында материалдық-техникалық базасы жаңартылған Ж.Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектепке барды. 1062 балаға арналған 2 қабатты оқу орнында 2000-ға жуық оқушы білім алуда.

Бүгінде мектептің 16 оқу кабинеті жобаға сай жаңаша жабдықталып, заманауи техникамен және оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 26.03.2025
  • 30
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика