• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нағаспаев Е. Қ.
Нағаспаев Е. Қ.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда жалпы массасы 55 млрд тоннаны құрайтын 1 700-ден астам техногендік-минералдық қалдықтар тіркелген

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселелері туралы Үкімет отырысында баяндама жасады.

Министр Қазақстанда 1 747 техногендік-минералдық қалдықтар тіркелген, олардың жалпы массасы 55 млрд тоннаны құрайтынын атап өтті. Олардың негізгі бөлігі Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарында орналасқан, және 67%-дан астамы бөлу балансын жүргізуді талап етеді.

«Бүгінгі таңда сирек металдар және сирек жер металдары саласын дамытудың Кешенді жоспары аясында, техногендік-минералдық қалдықтарды инвентаризациялау жұмыстары басталды. Осы жұмыстар қалдықтарды бағалауға, өңдеуге және экологиялық жобаларға инвестиция тартуға мүмкіндік береді», – деді Е. Нағаспаев.

         Қазақстанда техногендік-минералдық қалдықтарды өңдеу деңгейі шамамен 11%-ды  құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70-80%-ға жетеді. Қазірдің өзінде мыс, алтын, темір және басқа да шикізатты өндіру кезіндегі қалдықтар қайта өңделіп жатыр.

Мысалы, Ұлытау облысындағы Коунрад компаниясы өз кен орнының техногендік қалдықтарын пайдаланып, жылына 12 мың тонна мыс өндіреді – бұл еліміздің бүкіл мыс өнеркәсібінің 2,8%-ын құрайды. Соңғы екі жылда қалдықтарды қайта өңдеуге арналған жалпы сомасы 47,8 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылған.

Министр алдағы 2 жылда құны 37,3 млрд теңге болатын 4 жоба іске асырылатынын айтты. Одан бөлек, қазіргі таңда өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеуге арналған 330 млрд теңге болатын 25 жоба іске асырылуда. Сомасы 133,8 млрд теңге болатын 8 жоба іске қосылды. Сондай-ақ, осы жылы 110  миллиард теңгеге 7 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Жүзеге асырылып жатқан жобалар экологиялық жағдайды жақсартуға және саланың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

         «Техногендік-минералдық қалдықтар мәселесін шешу және арнайы өндеу орындарына жеткізу үшін заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр. Бұл әсіресе экологиялық проблемасы бар моноқалалар үшін өте маңызды», – деді Министр.

Министрлік техногендік-минералдық қалдықтарды өңдеуге арналған арнайы лицензия енгізу мәселесін қарастыруда. Осы ұсынылған шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ өндірісте жаңа шикізат көздерін пайдалануға мүмкіндік береді.

 

  • 27.03.2025
  • 34
Нағаспаев Е. Қ.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Нағаспаев Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика