- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады
Бүгін, 27 наурызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кезектілік тәртібімен өткен қабылдауда тұрғындар негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, еңбек дауы мен құқық қорғау саласына қатысты мәселелерін айтты.
Облыс әкімі әрбір азаматтың түйіткілді мәселесін мұқият тыңдап, тиісті мемлекеттік органдар мен басқарма басшыларына өтініштерді заң аясында шешу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 27.03.2025
- 17