• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

27 наурызда облыстық прокуратура ғимаратында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу шараларының тиімділігі жөнінде үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен өткен жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, аудан және қала әкімдері мен білім басқармасының өкілдері қатысты.
Жиында құқық бұзушылықтың жай-күйі талқыланып, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар пысықталды.

Облыс прокуратурасының басқарма бастығы Данияр Төлегенов өңірдегі кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған қылмыстар жөнінде баяндама жасап, қазіргі жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Статистикаға сәйкес, биыл жыл баснынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 8 қылмыс жасалған. Өткен жылы прокурорлар кәмелетке толмағандарға қатысты 500-ден астам профилактикалық іс-шара өткізген. Сондай-ақ 2300-ден астам отбасының тұрғылықты мекенжайларына барып, жағдайын зерделеді.

Сонымен қатар, отырыс барысында жасөспірімдердің психикалық денсаулығы мен мінез-құлқына кері әсер ететін бірқатар мәселелердің анықталғаны да айтылды.
Облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Гүлбану Қызылғұлованың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін кешенді іс-шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспары» мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Кеңес барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударып, әлеуметтік желілерде таралатын теріс ақпараттардың қоғамға тигізетін әсерін атап өтті.

- Біз әлеуметтік желілерден жантүршігерлік оқиғалар жайында күнделікті естіп, көріп отырмыз. Қазіргі таңда елдің назарын аудару және көп қаралым жинау мақсатында бейресми, жалған жаңалықтарды жариялайтындар көбейді. Мұндай жағдайлар қоғамда алаңдаушылық тудырады. Бұл мәселенің түпкі себебін анықтау мақсатында нақты шаралар қабылдануы керек, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жиын қорытындысы бойынша құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу шараларын күшейту және бекітілген шешімдердің орындалуына тиімді бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 28.03.2025
  • 26
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика