• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай облыс прокуратурасының алқа отырысына қатысты

27 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен облыс прокуратурасының алқа отырысы өтті. Облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен өткен жиында білім беру ұйымдарының қызметіне жүргізілген тексерулердің қорытындылары қаралып, білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Облыстық прокурордың бірінші орынбасары Жандос Бердіқұлов білім беру мекемелерінің қызметін тексеру нәтижелері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Қызылғұлова да саладағы өзекті мәселелерді атап өтті.

Бүгінде өңірдегі білім беру ұйымдарында 23 337 педагог қызмет атқарады. Алайда, білім сапасын арттыруға кедергі келтіретін бірқатар факторлар анықталған. 2024 жылы облыстағы 20 мыңнан астам педагогтің дипломына тексеріс жүргізіліп, 67 мұғалімнің жалған құжатпен жұмыс істегені белгілі болды. Олар қызметінен босатылды.

Білім сапасы бойынша өңірдің көрсеткіштері республикалық деңгейден төмен сапа көрсетіп тұр. Атап айтқанда, МОДО (ББЖМ – білім беру жетістіктерін мониторингілеу) көрсеткіші бойынша Алматы қаласынан 9%-ға төмен, ҰБТ нәтижелері республикалық көрсеткіштен 10%-ға төмен. Сондай-ақ, PISA халықаралық зерттеуінің оқу сауаттылығы бойынша көрсеткіші 71,7 ұпайды құрап, шекті деңгейден төмен болды.

Осыған байланысты, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту жөніндегі аймақтық жол картасын бекітті. Аталған құжат аясында білім беру сапасын жақсарту, педагогтердің біліктілігін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру сапасының өңірдегі өзекті мәселе екенін атап өтіп, педагогтердің біліктілігін арттыру, білім беру жүйесін жетілдіру және сапаны жақсарту бойынша нақты шараларды жүзеге асыруда жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізілу керектігін жеткізді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 28.03.2025
  • 37
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика