- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрдәулет Қилыбай «Аквафор» компаниясының басшысымен кездесті
Бүгін, 28 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Аквафор» компаниясының директоры Эммануил Гриншпунмен кездесті. Басқосуда компания өкілдері Ақтау қаласының магистральдық және тұрғын үй желілеріне су есептегіш құралдарын орнату жобасын ұсынды.
Жобаны жүзеге асыру су шығынын нақты есептеуге, ақауларды жедел анықтап, жоюға және авариялық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Компания барлық жабдық пен орындалған жұмыстарға бес жылдық кепілдік беретінін айтты.
Жиында Эммануил Гриншпун Ақтау қаласында сервис орталығын құруға дайын екенін мәлімдеп, жобаға қолдау сұрады.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай аталмыш жобаның өңір үшін маңыздылығын айтып, бастамаға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
«Аквафор» – су тазарту технологияларын әзірлеу және өндірумен айналысатын жетекші компаниялардың бірі. Кәсіпорын су тазартуға қойылатын түрлі талаптарды ескере отырып, су құбыры, құдық және бұрғылау ұңғымаларынан алынатын суды тазартады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 28.03.2025
- 12