• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсететін екі дағдарыс орталығы жұмыс істейді

28 наурыз күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және меншікке қарсы қылмыстарға тосқауыл қою мәселелері қаралды. Жиын әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрсейт Оразов отырыс барысында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастардағы құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, былтыр 400-ден астам тұрмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламалар қаралып, 135 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұған қоса, қазіргі таңда өңірде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсету мақсатында екі дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, отбасылық жанжалдардың негізгі себептері – тұрақты табыс көзінің болмауы, маскүнемдікке салыну және құмар ойындарға тәуелділік. Сондай-ақ адамгершілік құндылықтардың төмендеуі де тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артуына ықпал етуде.

Комиссия отырысында қоғамдық орындарда кальян шегуге қарсы күрес мәселесі де көтерілді. Полиция департаменті рейдтік іс-шараларды күшейтіп, кальян өнімін ұсынатын және тұтынатын тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. 2024 жылы бұл бағыттағы құқық бұзушылықтар бойынша 547 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ілияс Жұмағұлов 2024-2026 жылдарға арналған ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай комиссия отырысында талқыланған құқық бұзушылықтардың салдарымен емес, себебімен күресу маңызды екенін айтты. Қылмыстардың алдын алу үшін олардың себебін зерделеп, зерттеу жүргізуді тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 31.03.2025
  • 41
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика