• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Бекет Атаның 275 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті

Бүгін Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінде Бекет Ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына арналған «Бабамның төрі – Байтағым!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Айтыстың жүргізушісі – өнер мен айтыстың белді тұлғасы, ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Аманжол Әлтай болды. Ол айтыстың мазмұнын ашып, ақындарға дем беріп, кештің көркін қыздырды.

Бұл аламанның әділ бағасын беруге қазақ айтысының абыз тұлғалары шақырылды. Қазылар алқасының төрағасы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілерінің халықаралық одағының төрағасы, «Құрмет», «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері – Жүрсін Ерман. Айтыс өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Жүрсін Ерман бұл сайыстың да жоғары деңгейде өтуіне ерекше ықпал етті.

Қазылар құрамында:
- Нұртөре Жүсіп – жазушы, журналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері;
- Жанарбек Әшімжан – ақын, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;
- Қалқаман Сарин – ақын, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жүлдегері;
- Мелс Қосымбаев – белгілі ақын, жазушы, мәдениет қайраткері, айтыс өнерінің шебері.

Олар ақындардың суырыпсалмалық қабілетін, тапқырлығын, айтыстың көркемдік деңгейін, ұлттық болмысын бағалап, әділ шешім шығарды.

Бірінші айналымда барлық қатысушылар жұптасып, өз өнерлерін ортаға салды. Бекет Атаның өмірі мен мұрасын жырға қосқан ақындар ұтымды ұйқас, өткір сөз, терең мағына арқылы көрерменнің ықыласына бөленді.

Айтыстың екінші кезеңінде ақындар бір-бірімен бәсекеге түсіп, шын мықтыны анықтады. Әр жұптың айтысы өз алдына бір көркем жыр, мән-мағынасы терең сөз сайысы болды. Финалда ақындар нағыз сөз барымтасын жасап, ой мен сезімді, ел мен жерді жырға қосып, көрерменді ерекше әсерге бөледі.

Айтыс нәтижесі бойынша үшінші орынды ақтөбелік Ахметов Марат пен жаңаөзендік Арғынбек Қалбаев иеленіп, әрқайсысы 1 миллион теңге сертификатқа ие болды. Қарағандылық Дидар Қами екінші орынды жеңіп алып, 2 миллион теңге жүлдені қанжығасына байлады. Қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан үздік шығып, бірінші орын мен 3 миллион теңге жүлдені иеленді. Ал айтыстың бас жүлдесін жаңаөзендік Абай Жолмағамбетов жеңіп алып, автокөлікке ие болды.

Айтыс соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды құттықтап, марапаттады.

  • 31.03.2025
  • 41
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика