• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында есірткіге қарсы күрес күшейтілуде

28 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы үш айында өңірде 136 есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз есірткі айналымына қатысы бар 94 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, рейдтік шаралар барысында есірткі дүкендерін жарнамалайтын 240 граффити жазуы жойылып, әлеуметтік желілер мен Telegram мессенджеріндегі мониторинг нәтижесінде 263 сайттың қызметі бұғатталуға жіберілді.

Облыстық полиция департаментінің деректеріне сүйенсек, өткен жылы жастар арасындағы құқықбұзушылықтың 883 фактісі тіркелген.

Өңірде нашақорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар бастамалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде, синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейту мақсатында “Stop Synthetic Mangystau” Telegram бот-чаты іске қосылып, тұрғындарға есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты анонимді түрде жіберуге мүмкіндік берілді. Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен профилактикалық кездесулер мен қоғамдық рейдтер тұрақты түрде өткізілуде.

Есірткінің алдын алу бағытында жыл басынан бері 220 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл ретте, Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай өткен жылы атқарылған шараларға тоқталып, 2025 жылға жоспарланған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Отырыста Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Қызылғұлова білім беру ұйымдарында есірткіге қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында полиция департаментімен бірлескен іс-шаралар қолға алынып, мектептер мен колледждерде семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер және ата-аналардың қатысуымен түрлі жиындар ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар, оқушылар мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың есірткіге тәуелділігінің алдын алу мақсатында “QR-профилактика” жобасы іске қосылды.
Гүлбану Қызылғұлова облыс бойынша наркологиялық диспансерде есепте тұрған оқушылардың жоқ екенін атап өтті.

Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай нашақорлыққа қарсы күрес бағытындағы шараларды одан әрі күшейту қажеттігін баса айтып, есірткінің алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 31.03.2025
  • 46
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика