- Блогтар
- Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
ІІМ-де тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Аға буын офицерлердің қатарынан құралған бұл ұйымның жас мамандарды тәрбиелеуде орны ерекше. Тәлімгерлер кеңесі министрлік жанында ғана емес, бүкіл республика бойынша аумақтық полиция департаменттерінде жұмыс істейді.
Ішкі істер органдарында жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік рухты қамтамасыз етуде, басшыларға бағыт-бағдар беруде тәлімгерлердің ықпалы өте зор. Барлық өңірде 65 тәлімгерлер кеңесі құрылды. Былтыр олардың 821 отырысы өткізілді. Биылдың өзінде жеке құрамның қатысуымен 207 жиын ұйымдастырылды. Отырыстарда ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру, әдістемелік және практикалық көмек көрсету, сондай-ақ заң мен тәртіпті сақтау мәселелері қаралды. Министрлік ұрпақтар сабақтастығы жүйесін ұстанып келеді. Осы бағыттағы жұмыс аясында мектеп қабырғасындағы балаларға да көңіл бөлінуде. Бүгінде еліміздің 103 мектебінде 125 "Жас сақшы" полиция сыныптары ашылған. Онда екі мыңнан астам оқушы білім алуда. Сонымен қатар 291 алғашқы әскери дайындық кабинеттері жұмыс істейді. Одан бөлек, сақшылардың мерейін үстем етіп, ерліктерін көпшілікке насихаттау мақсатында "Қазіргі заман қаһарманы" сынды іс-шаралар жалғасын табуда.
- 31.03.2025
- 9