- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
Коммуналдық қызметтерді тұтынушылармен қоғамдық кездесу онлайн форматта өтті
2025 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді. Осындай іс-шараларды бүкіл ел бойынша ведомствоның аумақтық департаменттері ұйымдастырды.
Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook арқылы онлайн форматта таратылды, бұл барлық тілек білдірушілерге өз сұрақтарына жедел жауап алуға және қосылуға мүмкіндік берді.
Қабылдау Комитет төрағасының орынбасары Қанат Құлназаровтың төрағалығымен және салалық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қоғамдық қабылдау барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері электр энергиясы нарығындағы ахуал жағдай және тауарлық газға бөлшек сауда бағасы туралы, сондай-ақ уәкілетті органның қарауында тұрған сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы өтінімдер туралы хабарлады.
Сондай-ақ, Комитет қызметкерлері тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізудің ағымдағы жағдайы туралы ақпарат берді. Сумен жабдықтау саласында бұл нормалар 18 өңірде, ал жылумен жабдықтау саласында — 17 өңірде енгізілді.
Бұдан басқа, темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу басқармасының басшысы Лаура Қаражанова «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ-ның 2025 жылға арналған магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бекітілген тарифтері мен тарифтік сметаларын өзгертуге қарастырылып отырған өтінім туралы айтып берді.
Қоғамдық қабылдау барысында тұтынушылардан сұрақтар түскен жоқ.
- 03.04.2025
- 33