• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстауда геологтардың кәсіби мерекесіне орай халықаралық конференция өтті

Бүгін, 2 сәуір күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен Геологтар күніне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Атаулы шара Қазақстан мұнай-газ саласының көрнекті өкілдері – Лениндік сыйлықтың лауреаты, әйгілі геолог, Есенов университетінің профессоры Валентин Петрович Токаревтің туғанына 100 жыл және Маңғыстау өңірінің ірі кен орындарын ашқан танымал геолог-барлаушы Әділ Молдашұлы Нұрмановтың 90 жылдық мерейтойына арналды.

«Жер қойнауының құпиялары: Геология ғылымының жетістіктері мен келешегі» атты конференцияға Қазақстандық Мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықов, маңғыстаулық геологтар, сала ардагерлері және мұнай-газ кен орындарының басшылары қатысты.

Жиын барысында сала ардагерлері мұнай-газ саласының қалыптасу кезеңдерін еске алып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай геологтарды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың ел экономикасын дамытудағы өлшеусіз еңбегін атап өтті.

- Жер асты қазынасын игеруде геологтардың еңбегі зор. Маңғыстау – мұнай-газ саласының қара шаңырағы. Сіздердің ізденістеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз – еліміздің тұрақты дамуының кепілі. Бұл саланың болашағы – жастардың қолында, сондықтан осындай жиындарда оларды көбірек тарту маңызды. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жиында геология саласында еңбегі сіңген мамандар марапатталды. Атап айтқанда, «Еңбек ардагері» төсбелгісі ардагер геолог Бақтылы Боранбайға табысталды. ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы «OPTIMUM» ЖШС бас маманы Луиза Райқуловаға берілді. Ардагер геолог Бисенбай Бисенғалиев «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, конференция аясында белгілі қаламгер, ардагер геолог-барлаушы Бисенбай Бисенғалиевтің «Ғиззаттың ғибратты ғұмыры» және «Адиль Нурманов – покоритель недр Мангистау» атты кітаптарының тұсаукесері өтті. Бұл еңбектерде Маңғыстау мұнайының алғаш ашылуы, кен орындарын игерудегі күрделі кезеңдер мен саланың қалыптасуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі жан-жақты баяндалған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 03.04.2025
  • 36
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика