• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы»: Маңғыстауда «Дархан дала» этноқалашығы өз жұмысын бастады

Бүгін, 4 сәуір күні, Ақтау қаласында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында мәдени іс-шаралар легі бастау алды. Оның бірі - «Дархан дала» этноқалашығы. Қалашықта киелі Маңғыстау өлкесінің тұрмыс-тіршілігі, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері және түркі халықтарының ортақ мәдениеті кеңінен насихатталмақ.

4-6 сәуір аралығында этноқалашықтың сахнасында Маңғыстау облысы мен түркітілдес мемлекеттерден келген өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылады. Қонақтар ұлттық өнер мен дәстүрге қанығып, қазақ мәдениетінің сан ғасырлық мұрасын тамашалай алады.

Этноқалашықта Маңғыстау облысының бес  ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қаласынан жеті ауыл бой көтерді.

Атап айтқанда, Маңғыстау ауданынан «Суын айғыр» ауылы, Қарақия ауданынан «Шерқала» ауылы, Бейнеу ауданынан «Батырлар» ауылы, Мұнайлы ауданынан «Жеті қайқы» ауылы, Түпқараған ауданынан «Ғашықтар» ауылы, Ақтау қаласынан «Шеберлер» ауылы, Жаңаөзен қаласынан «Дәстүр» ауылы бар.

Әр ауыл өңірдің өзіндік ерекшелігін, тарихы мен мәдени мұрасын айшықтайды. Онда қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіліп, түрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Шеберлер» ауылында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерден келген өнерпаздар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді.

Мерекелік шараның басты оқиғасы – 5 сәуір күні өтетін «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ресми ашылу салтанаты.

  • 04.04.2025
  • 28
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика