• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әзірбайжан шебері: Мыс өңдеу – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан өнер

Маңғыстауда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай өңірге бауырлас ел Әзірбайжаннан арнайы делегация келді. Олар ұлттық өнер мен қолөнер туындыларын таныстырып, көпшілікке шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр.

Әзірбайжаннан келген Назар Әлиев жеті атасынан бері мыс өңдеумен айналысатын шебер. Ол бұл кәсіптің қыр-сырын бала кезінен меңгеріп, ата-баба дәстүрін жалғастыруда. Оның негізгі құралдары ретінде балға мен шапқыны ерекше атауға болады.

«Бұл – өте күрделі жұмыс. Бізді қолөнерге бала күнімізден баулыды. Бұл кәсіп ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, атадан – әкеге, әкеден – балаға дегендей. Біз Баку маңындағы көне тарихи ауылда тұрамыз. Бұрын қалыңдықтың жасауына жаңа үйге арналған мыс ыдыстар міндетті түрде кіретін. Кейін бұл дәстүр ұмытылып қалғанымен, қазір қайта жанданып келеді. Әрине, қазір ыдыс жасауға арналған жеңіл әрі арзан материалдар бар. Бірақ мен табиғи материалдар – мыс, мақта, қағаздың адам денсаулығына әлдеқайда пайдалы екеніне сенімдімін. Бұрынғы адамдар ұзақ өмір сүретін, ал қазір жиі ауыратын болдық. Фестиваль аясында мен мыс білезік жасаудың шеберлік сабағын өткіземін. Мұндай білезіктерді әсіресе егде жастағы адамдар жиі пайдаланады, себебі ол қан қысымын реттеуге көмектеседі», – дейді Назар Әлиев.
 
Әзірбайжан қолөнершілері тек мыс ыдыстарын ғана емес, жібек орамалдар мен кестелер – тачалдуз жасаумен де танымал. Олардың әр туындысында ұлттық нақыштағы ерекше ою-өрнектер бейнеленеді.

«Біз мыс ыдыстарға, кілемдерге, жібек маталар мен тачалдуз кестелеріне «бута» өрнегін қолданамыз. Бұл – от пен жалынның символы. Тіпті өрнектердің орналасуының өзіндік мағынасы бар. Егер «бута» өрнегі қатарласа орналастырылса – бұл әскердің күшін білдіреді, ал екі өрнек бір-біріне қарама-қарсы тұрса – бұл махаббаттың белгісі. Біздің халқымызда отбасылық дәстүрлер өте берік сақталған. Сондықтан үйге арналған ыдыстарда әртүрлі көлемдегі «бута» өрнектері қолданылады: үлкені – ер адамды, кішірегі – әйелді, ал ең кішкентайы – баланы білдіреді. Сонымен қатар, өнерде сегіз қырлы жұлдыз бейнесі кең таралған. Ол біздің елдің мемлекеттік рәміздерінің бірі саналады. Сондай-ақ, өрнектерде Құранда аталған анар бейнесі жиі кездеседі», – дейді Назар Әлиев.
 
Назар Алиев халықтық қолөнер жәрмеңкелеріне жиырма жылдан бері қатысып келеді. Ол Каспий маңы елдерімен қатар, Австрия мен Францияда да өнерін таныстырған.

«Осындай фестивальдер бауырлас елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Біз халықтық өнер арқылы бір-бірімізді жақыннан танып, тарихи сабақтастықты сақтай аламыз», – дейді шебер.

Осылайша, «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған шарада бауырлас елдердің ұлттық өнері мен дәстүрлері дәріптеліп, шеберлер өз тәжірибелерімен бөлісуде.

  • 04.04.2025
  • 39
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика