• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Парламенті Сенатында өткізілген Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысына қатыстым

Жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар шеңберінде мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі серпінді түрде күшейіп келеді. Мемлекет басшысы айтқандай, қуатты өңірлер –  еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі. Үкімет тек өкілеттік беріп қана қоймай өңірлердің дербес дамуына тиісті жағдай жасап келеді. Енді мәслихаттардың бюджетті бөлуден бастап экономикалық саясатты бақылауға дейінгі нақты ықпал ету тетіктері бар. Қаржы министрлігі өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

Өңірлік деңгейде нақты экономикалық белсенділік қалыптасып, жұмыс орындары ашылып жатыр. Халықтың жайлы өмір сүруіне жағдайлар жасалып келеді. Биыл өңірлердің дамуына 7,7 трлн теңге бағытталды. Бұл облыстарды дамытуға басымдық берудің айқын дәлелі, яғни барлық республикалық бюджеттің – 30%. Тұтастай алғанда, 2025 жылға арналған жергілікті бюджеттердің шығыстары 19,3 трлн теңге көлемінде жоспарланған.

Жергілікті биліктің шығындарын заңнамалық өзгерістер арқылы оңтайландырып, ашықтығын арттыруға жол ашылды. Мысалы, жыл басынан бері елімізде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң күшіне енген болатын. Оның негізгі мақсаты – мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыру, рәсімдерді жеңілдету және оларды одан әрі автоматтандыру.

Өңірлердің қаржылық тәуелсіздігіне тағы бір маңызды қадам бюджетаралық қатынастарды реформалайтын және жергілікті органдардың қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтетін жаңа Бюджет кодексін айтуға болады. Тың тәсілдің негізгі қағидаттары республикалық және жергілікті бюджеттердің теңдігін қарастырады. Трансферттерді жоспарлау кезінде  енді жергілікті бюджеттердің болжамды кірістері мен шығыстары ескеріледі. Бұған қоса инфрақұрылымды дамытудың ең төменгі және өңірлік стандарттары енгізіліп жатыр.

Салық заңнамасын реформалау өңірлерге жаңа өндіріс орындарын өз аумағына тартуға мүмкіндік береді. Өйткені өзгертілген құжат салықтардың, алымдар мен есеп-қисаптың көлемін азайтады. Сонымен қатар аталған реформа қалған жеңілдіктердің жыл сайынғы талдаумен тиімсіздерін алып тастауға мүмкіндік береді.

  • 04.04.2025
  • 42
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика