• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекет басшысы Ақтау қаласын Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болуымен құттықтады

Бүгін, 5 сәуірде, «Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтті. Айтулы іс-шараға орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады.
Мемлекет басшысының құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.

Президент өзінің құттықтау хатында Ақтау қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануын еліміз үшін ғана емес, барлық бауырлас түркі мемлекеттері үшін маңызды оқиға ретінде атап өтті.

«Шежірелі Маңғыстау, қазыналы Үстірт аймағы тұтас түркі өркениетінің ажырамас бөлігі саналады. Киелі өлкеде ұлтымыздың, жалпы түркі дүниесінің сан ғасырлық рухани мұрасы сақталған. Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы атаулы жылда бауырластығымызды бекемдей түсетін басқосулар ұйымдастырылып, маңызды шешімдер қабылданады деп сенемін. Түркі мемлекеттерінің ықпалдастығын арттыруға зор үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және осы іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін!» – делінген хатта.

Айта кетейік, салтанатты жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан, Венгрия елдерінен мәртебелі меймандар қатысты.

Қарт Каспий жағалауында өткен ауқымды іс-шараға аймақ тұрғындары мен Қазақстанның өзге өңірлерінен,шетелден келген қонақтарды қоса алғанда 30 мыңдай көрермен жиналды.
Салтанатты шараның басты нысандарының бірі – «Дархан дала» этноқалашығы. Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркі халықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік.

Еске сала кетейік, Әзербайжанда өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің 40-сессиясында Ақтау қаласына Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы мәртебесін беру туралы шешім қабылданған болатын. Атаулы жыл көлемінде түркі мәдениетінің рухын терең сезінуге мүмкіндік беретін түрлі фестивальдер, концерттер, көрмелер мен театр қойылымдар жоспарланған.
Сондай-ақ, ТҮРКСОЙ аясындағы атаулы жылдар шеңберінде 2025 жыл Қазақстанның халық әртісі, ұлы композитор және дирижёр Нұрғиса Тілендиев жылы деп жарияланды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

  • 07.04.2025
  • 31
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика