- Блогтар
- Нағаспаев Е. Қ.
Нағаспаев Е. Қ.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2024 жылға арналған қызметінің қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлары туралы баяндаманы тыңдады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, жер қойнауын барлауды мемлекеттік қаржыландыру пайдалы қазбалар базасын ұзақ мерзімді дамыту үшін стратегиялық маңызды болып қала береді.
Өнеркәсіп саласында өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар мен өңделген өнімдер экспортында ең жоғары өсімге қол жеткізілді. Өндіріс көлемінің өсімі 105,9% құрайды.
2025 жылы бұрын іске қосылған жобаларды толық қуатқа шығару, шикізатты қайта өңдеушілерге жеңілдетілген баға беру арқылы шикізатты қайта өңдеу, реттелетін сатып алулар шеңберінде кәсіпорындарды жүктеу, арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтардың инфрақұрылымын салу, сондай-ақ шағын индустриялық аймақтарды құру сияқты жүйелі шараларды жүзеге асыру арқылы өсу үрдісін шоғырландыру және өндіріс көлемін 7,5%-ға арттыру жоспарлануда.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күннің өзекті мәселесі – нағыз қазақстандық тауар өндірушілерді анықтау. Сіздің тапсырмаңызды орындау мақсатында Министрлік Өнеркәсіптік сертификат пен СТ-KZ ауыстыратын Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Ерсайын Нағаспаев келесі кезекте халықты сумен қамту мәселесіне тоқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының 99,4%-ы, ауыл тұрғындарының 97,8%-ы сумен қамту қызметіне қол жеткізгенін айтты.
2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға республикалық бюджеттен 106 млрд теңге, арнайы мемлекеттік қордан қосымша 70,4 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін қалалар мен ауылдарды сумен қамту деңгейін 100%-ға жеткізу жоспарлануда.
Министрлік 2024 жылы өзі жетекшілік ететін салаларға цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгізгенін атап өткен жөн. Осылайша, Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылып, қала құрылысы жобалары цифрландырылды. Ағымдағы жылы бұл жұмыс жалғасады, оның ішінде жасанды интеллект элементтері бар жобаларды әзірлеу. Ауыл деңгейіне Бірыңғай коммуналдық төлем жобасын енгізу жоспарлануда. Жасанды интеллект көмегімен геологиялық білім базасы қалыптасуда.
Президент министрдің алдына бірқатар бірінші кезектегі міндеттер қойды. Ол жоспарланған тұрғын үй көлемін пайдалануға беруді қамтамасыз ету, республика бойынша халықты сумен қамтуды 100%-ға жеткізу, жер қойнауын мемлекеттік барлау жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіп нысандарын уақтылы іске қосуды қамтамасыз ету міндеті қойылды. Мемлекет басшысы отандық тауар өндірушілерді қолдаудың тиімділігін арттыру мәселелерін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ерекше атап өтті.
- 08.04.2025
- 23