- Блогтар
- Нағаспаев Е. Қ.
Нағаспаев Е. Қ.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Министр Ерсайын Нағаспаев халықаралық серіктестермен кездесулер өткізді
Халықаралық байланыстарды кеңейту, инвестициялар тарту және жетекшілік ететін салаларды технологиялық дамыту аясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев шет мемлекеттер мен трансұлттық компаниялардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Каббамен кездесу барысында тараптар жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кен орындарын игеруде қазақстандық тәжірибені тарту, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен саласындағы бірлескен жобаларға Сьерра-Леоне инвесторларының қатысуы қарастырылды.
Жоғары технологиялық жабдықты шығару бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі американдық General Electric HealthCare компаниясының өкілдерімен кездесу айтулы оқиға болды. Тараптар Қазақстанда медициналық техника өндірісін локализациялау перспективаларын, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін талқылады. Технологиялар трансферті, техникалық қызмет көрсету және мамандарды даярлау мәселелері көтерілді.
Анықтама: General Electric HealthCare — медициналық жабдықтарды, энергетикалық қондырғыларды, ұшақ қозғалтқыштарын, тұрмыстық техника мен жарықтандыру жабдықтарын қоса алғанда, жабдықтардың кең спектрін шығаратын американдық әртараптандырылған корпорация.
Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбармен кездесуде өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды. Өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды дамытуға, технологиялармен алмасуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге екі жақтың да мүдделілігі атап өтілді.
«Әріптестік қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыру және экономиканың тұрақты өсуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін инвестициялар мен бірлескен жобаларды одан әрі тарту үшін қолайлы жағдай жасау маңызды», — атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымын 3 млрд АҚШ долл. дейін арттыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылады.
- 09.04.2025
- 25