• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Биыл наурыз айында Маңғыстау облысы бойынша интернет алаяқтыққа қатысты 73 қылмыс тіркелген

Бүгін, 9 сәуір күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен кибер алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиын тікелей эфир арқылы әлеуметтік желілерде көрсетіліп, тұрғындар көкейдегі сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Жиында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Айболат Мурзашев интернет алаяқтықпен күрестегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, интернет арқылы жасалатын қылмыстардың ерекшелігі – алаяқтардың шекараға бағынбай, өзге елден де қылмыс жасай алуы.

Айболат Мурзашев қазіргі таңда облыс аумағында кең таралған интернет алаяқтықтың бірнеше түрі бар екенін айтты.

- Қазіргі таңда Маңғыстау облысында кең таралған интернет алаяқтықтың түрлеріне: азаматтарға «Қазпошта» немесе ұялы байланыс операторларының атынан хабарласып, банк картасының құпия деректерін сұрап, сол арқылы несие рәсімдеу; мессенджерлерде таныстарының атынан ақша сұрау; «ақша айналымы» жобалары арқылы тез пайда табуға үгіттеу; сондай-ақ онлайн жарнамаларда тауар үшін алдын ала төлем алып, кейін байланыссыз қалу сияқты әдістер жатады, - деді Айболат Мурзашев.

2025 жылдың наурыз айында облыс бойынша интернет алаяқтыққа қатысты 73 қылмыстық дерек тіркелсе, соның 68-і ашылып, 63 іс сотқа жіберілген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Қылмыстық істердің ашылу көрсеткіші 35,2%-ға артқан.

Ақпараттық жүйелерге заңсыз ену арқылы жасалған 4 ұрлық дерегі толықтай ашылған. Сонымен қатар, жыл басынан бері жеңіл жолмен пайда тапқысы келген жастарды пайдаланатын 5 дроповод ұсталып, қамауға алынды. «Антифрауд» жүйесінің көмегімен дроперлерге тиесілі 518 есепшот бұғатталған.

Интернеттегі алаяқтық контенттерге тосқауыл қою мақсатында «Кибернадзор» жүйесі арқылы 552 заңсыз интернет-ресурс бұғаттауға жолданған.

Жиында Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Смағұл баяндама жасап, соңғы үш жылда 21 алаяқтық факті тіркелгенін айтты.

Тергеу барысында мұнай-газ, энергетика және құрылыс салаларындағы квазимемлекеттік сектор өкілдерінің қатысы анықталған.

Облыстағы құрылыс компанияларының 90%-дан астамы азаматтармен жалған келісімшарттар жасап, алғашқы жарнаны заңсыз жинаған.

Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай бұл мәселеге жүйелі түрде қарсы тұру қажет екенін айтып, жауапты органдарға кибер алаяқтықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларды жетілдіруді тапсырды.

Жиын соңында кибер алаяқтықтың алдын алу үшін тұрғындарға маңызды кеңестер берілді:

- Жеке мәліметтеріңізді (банк картасы, PIN-код, SMS-код) ешкімге бермеңіз;
- Белгісіз сілтемелер мен қосымшалардан аулақ болыңыз;
- Күдікті қоңырауларға сенбеңіз – банк немесе құқық қорғау органдары телефон арқылы ақпарат сұрамайды;
- Алдын ала төлем жасаудан бас тартыңыз
- «Жылдам табыс» уәделеріне алданып қалмаңыз.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 09.04.2025
  • 48
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика