• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Құрық порты құрғақ жүк таситын жаңа кемемен толықты

Бүгін, 10 сәуір күні Құрық теңіз портындағы Саржа терминалының айлағында құрғақ жүк тасымалдауға арналған жаңа кеме суға жіберілді. Кемеге Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы, Ақтау қаласының Құрметті азаматы Нәсіпқали Марабаевтың есімі берілді. Аталған су көлігін жұмысын жаңа бастаған қазақ-араб бірлескен кеме қатынасы кәсіпорыны басқарады.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов, «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС теңіз жобалары жөніндегі директордың орынбасары Алик Айдарбаев және мұнай-газ саласының ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен Нәсіпқали Марабаевтың жанұясы қатысты.

Іс-шара аясында теңіз дәстүріне сай кеме тұсаукесері рәсімі өткізілді.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жиналған жұртты жаңа кәсіпорынның ашылуымен құттықтады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік логистикасының стратегиялық маңызын атап өтіп, оны дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Бүгінгі шара — сол тапсырмалардың іске асып жатқанын дәлелдейді. Нәсіпқали Марабаев ағамыз ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Ол тек Марабаевтардың ғана емес, бүкіл Маңғыстаудың әкесі. Еңбегі мен өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа үлгі ету — біздің борышымыз. Баршаңызды осы тарихи сәтпен құттықтаймын! – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Заманауи техникалармен жабдықталған «Nasipkali Marabayev» кемесі құрғақ және жалпы жүктерді тасымалдауға арналған. Жүк көтергіштігі — 7000 тонна, ұзындығы — 136 м, ені — 16 м, биіктігі — 7 м. Әртүрлі климаттық жағдайда жұмыс істеуге бейімделген кеме ашық теңіздер мен өзендерде де қатынай алады. Онда 14 адамнан тұратын білікті қазақстандық экипаж қызмет етеді.

Шара барысында ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов Транскаспий халықаралық дәлізін дамыту жөніндегі жобалардың жалғасатынын айтты.

Салтанатты шара соңында бірлескен кеме қатынасы кәсіпорынын ашқан қазақстандық Semurg Invest және БАӘ-нің Freeseas Container Shipping компаниялары Каспий теңізінде жаңа кемелерге инвестиция тарту туралы меморандумға қол қойды. Кәсіпорын 2027 жылға дейін кеме санын алтыға жеткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда отандық Semurg Invest компаниясы Құрық маңындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылысын жалғастыруда. Жоба аясында алты теңіз терминалының салынуы жоспарланған. Бұл терминалдар 2030 жылға дейін Транскаспий дәлізінің өткізу қабілетін жылына 5 млн тонна құрғақ және 7 млн тоннадан астам сұйық жүкке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 10.04.2025
  • 33
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика