• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МЖӘ жобалары арасында халықаралық іріктеу жүргізілуде

Былтыр Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында халықаралық қаржы институттарының қатысуымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын неғұрлым сапалы дайындауға назар аудару қажеттігін атап өтті. Осы тапсырманы орындау мақсатында қазір халықаралық қаржы институттарымен жобалар пулын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Калигазин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Оның хабарлауынша, жобалар жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша іріктеледі. Бұдан әрі олар халықаралық қаржы институттарымен келісіледі және Қазақстан Үкіметі бекітетін тиісті тізбеге енгізіледі. Бұл жобаларды әзірлеуді мүдделі мемлекеттік органдар мен МЖӘ орталығының қатысуымен халықаралық қаржы институттары іріктеп алған халықаралық консультанттар жүргізеді. Орталық басшысы тізімге енгізілген Қарағандыдағы университеттік аурухананың жобасын мысалға келтірді. Азия даму банкінің (АДБ) консультанттары конкурстық құжаттама әзірлеп, жеке әріптесті іріктеу бойынша халықаралық конкурс жариялады. Сондай-ақ қазір АДБ консультанттары Алматы қаласында студенттік жатақхананы салу және пайдалану жобасы бойынша құжаттама әзірлеуде. 

«Жалпы, тәжірибе көрсеткендей, халықаралық инвесторлар МЖӘ жобаларының осындай пулының болуын мемлекеттің инвестициялық саясатының ашықтығы мен дәйектілігі ретінде бағалайды, бұл оның инвестициялық тартымдылығын арттырады. Мұндай бірлескен жұмыс әлемдік озық тәжірибелерді қолдану есебінен аталған жобалардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Аслан Калигазин. 

Ол процестің барлық қатысушысының кәсіби құзыреттерін дамыту мәселесіне де тоқталды. 2015 жылдан бастап МЖӘ дамыту орталығының базасында мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық мамандарын оқыту жүргізіліп жатыр. Соңғы үш жылда 800-ге жуық қатысушыны қамтитын 60-қа жуық семинар мен вебинар ұйымдастырылды. Ақтөбе, Алматы, Қонаев, Қостанай, Қарағанды және Түркістан қалаларында көшпелі семинарлар өтті. Сондай-ақ МЖӘ дамыту орталығы халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Мәселен, ЕҚДБ, АДБ және IFC қолдауымен мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 67 қызметкері үшін МЖӘ саласындағы мамандарды сертификаттаудың халықаралық бағдарламасы бойынша оқыту жүргізілді.

  • 11.04.2025
  • 39
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика