• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстаулық делегация ҚХА-ның «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты сессиясына қатысады

Бүгін, 11 сәуір күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов, Маңғыстау аудандық Аналар кеңесінің жетекшісі, «Ассамблея жастары» республикалық қозғалысының аймақтағы өкілдері, Yessenov University ректоры, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Амангүл Жайылханова Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясына дайындық барысы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, кезекті сессия 2025 жылғы 23–24 сәуір күндері Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбымен өтеді. Осы маңызды шараға Маңғыстау облысынан арнайы делегация қатысады.

Сонымен қатар, сессия аясында Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Парламент Сенатының депутаттарымен және облыстық депутаттық топ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылады. Кездесуге өңірден 20 делегат қатысуы жоспарланып отыр.

Отырыста сөз сөйлеген аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы айрықша маңызын атап өтті.

- Мемлекет басшысы ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінде келісім мен бірліктің – табысты мемлекеттің басты кепілі екенін нақты айтты. Қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық – еліміздің дамуы мен өркендеуінің берік негізі. Бұл құндылықтарды сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осыған байланысты өңірімізде «Көпэтносты отбасы» байқауын ұйымдастыруды ұсынамын. Бұл бастама этносаралық татулықты нығайтып, өзара түсіністік пен құрмет мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді деген сенімдемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жиын қорытындысында қатысушылар аталған ұсынысты бірауыздан қолдап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар бойынша талқылау жүргізді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.04.2025
  • 24
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика