• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда «Бозжыра» визит-орталығының құрылысы басталды

13 сәуір күні Маңғыстау облысындағы «Бозжыра» шатқалында жаңа туристік жобаның алғашқы қазығы қағылды. Заманауи үлгіде салынатын визит-орталықта саяхаттаушыларға барлық жағдай қарастырылады. Мұнда келушілер орталығы, этно-кафе мен глэмпингтер бой көтермек. 

Игі істің бастауына ауыл ақсақалдары батасын беріп, сәттілік тіледі. 

Сапар орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысқан Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жаңа нысанның өңір үшін маңыздылығын атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бозжыра секілді тарихи, көрікті орындарда туризмді дамыту туралы нақты тапсырма берген болатын. Бүгін сол бастаманың алғашқы қадамы жасалуда. Мұндай сұлулығы көз тартар мекендер әлемде санаулы ғана. Біз тарихи тамырын сақтай отырып, бұл жерді заманауи туристік орталыққа айналдыруды көздеп отырмыз. Туристер үшін қолайлы жағдай жасау — бір міндет болса, негізгі мақсатымыз - жергілікті тұрғындардың бұл жобаның игілігін көруіне мүмкіндік жасау. Жақын маңдағы елдімекен тұрғындары ауылшаруашылық өнімдерін сатып, қосымша табыс таба алады. Бұл жоба аймақтың туристік әлеуетін дамытып қана қоймай, өңір экономикасына оң серпін береді деп сенеміз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жобада 17 глэмпинг павильоны, 50 қонақүй бөлмесі, жалпы аумағы 450 шаршы метр болатын визит-орталық пен этно-кафе қарастырылған.

Кешен құрылысы отандық инвестор — «Pana Asia» ЖШС-нің жеке қаржысына жүзеге асады. Жоба авторларының айтуынша, визит орталығы экологиялық талаптарға және тұрақты туризм принциптеріне толықтай сай келеді.

- Визит-орталық қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп жобаланған. Биологиялық тазарту жүйелері, қоқысты сұрыптап жинау, күн энергиясын пайдалану сынды шешімдер көзделіп отыр. Туристерге барлық жағдай жасау — басты мақсатымыз. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары мен құндылықтарын насихаттауға да мән береміз, — дейді жоба жетекшісі Сәуле Джанабаева.

Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған кешен 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бұл жобаның сәтті бастау алғанына өңір тұрғындары да қолдау білдірді.

- Көптен күткен кешеннің басталғанына өте қуаныштымыз. Маңғыстау экономикасы енді тек мұнайға емес, туризмге де арқа сүйей алады. Кешеннің салынуына қолдау білдіреміз, жергілікті кәсіпкерлердің де өз ісін жасауына мүмкіндік беріледі – деді облыстық мәслихат депутаты, Жаңаөзен қаласының тұрғыны Шәріп Ақжігітов.

Сонымен қатар, облыс әкімі Бозжыра шатқалына барар жолда орналасқан жол бойында қызмет көрсету орталығының құрылысымен де танысты. Аумағы 12 гектарды қамтитын нысанда туристерге арналған ақпараттық тақталар, қоғамдық тамақтану орны мен шағын демалыс қалашығы қарастырылған. Бұл нысан 2026 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.04.2025
  • 22
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика