- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің XXVII отырысы өтті
2020 жылғы 23 желтоқсанда бейнеконференция режимінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің XXVII отырысы өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі «COVID-19 пандемиясы жағдайында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық органдарының қызметі және оның салдарын еңсеру» болды.
Тараптар коронавирус салдарынан туындаған жағдайда бизнесті қолдауға бағытталған қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты.
- 04.03.2021
- 335