• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Маңғыстау» теміржол вокзалында реконструкциялау жұмыстары басталды

Бүгін, 14 сәуір Мұнайлы ауданындағы «Маңғыстау» теміржол вокзалында реконструкциялау жұмыстары басталды. Ғимарат ұзақ уақыт жөндеуден өтпеген. Аталған құрылыс жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, туризм саласын жандандыру мақсатында инфрақұрылымдық нысандарды дамыту бағытында жасалып жатыр.

«Маңғыстау» теміржол вокзалы кешенінің жалпы ауданы 763 шаршы метрді құрайды. Нысан аумағын ұлғайту барысында ҚТЖ теңгеріміндегі 2 гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, қазіргі уақытта сүру жұмыстары жүргізілуде.

- Өңірімізде көп жылдан бері теміржол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Үкімет қолдауымен қазіргі уақытта өңірдегі теміржол вокзалының үшеуі, атап айтқанда «Маңғыстау», «Шетпе» және «Бейнеу» вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әрбір кешен тиісті мердігер компанияларға міндеттелді. Бүгін, міне «Маңғыстау» теміржол вокзалын реконструкциялау басталды. Жобаны аяқтауға әзірге 150-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. 2025 жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгін еліміздің барлық өңірінде 125 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Маңғыстау облысындағы теміржол вокзалдарындағы жөндеу жұмыстары соның аясында жасалып жатыр, - деді Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев.

Жоба барысында вокзалдардың ішкі және сыртқы келбетін толық жаңарту әрі сервистік инфрақұрылымын өзгерту көзделген. Бұл жөнінде Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Губашов ақпаратпен бөлісті.

- Алғаш рет облысымызда теміржол вокзалы 1967 жылы ашылды. Кейін кішігірім жөндеу жұмыстары 1997 жылдары жүргізілді. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмысы басталды. Кешенді жаңғырту барысында бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Атап айтсақ, кассалар, анықтама орны, дәретханалар - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болады. Сондай-ақ көтергіш құрылғылар, тактильді жолақтар, индукциялық панельдер орнатылып, арбалар жаңартылады. Жаңа кафе ашу, вендинг аппараттарын орнату, сақтау камераларын кеңейту, демалыс бөлмелері және ана мен бала бөлмелерін ұйымдастыру жоспарлануда. Күту залдары тегін Wi-Fi желісімен жабдықтау көзделген, - деді Нәжімеден Губашов.

Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысы басталғаны өңір тұрғындары мен қонақтарына қуанышты жаңалық болды. Тұрғындар ауқымды істің басы-қасында жүрген жұмысшы азаматтарға алғыстарын білдіруде. Маңғыстау теміржол саласының ардагері Табылды Әміров бұл бастамаға қуанышты екенін жеткізді.

- Қазіргі уақытта облысымыз күннен-күнге көркейіп келе жатыр. Туризм саласы да қарқынды дамуына байланысты, ҚТЖ толыққанды жөндеу жұмысын қажет етеді. Алдағы уақытта облысымызға келім-кетім қонақтар көп болады, осы себепті заман талабына сай жабдықталады деген сенімдемін. Мен құрылыс жұмысын бастап жатырған мекемеге табыс тілеймін. Межеленген уақытта бітіріп, халық иігіліне табысталады деген үміттемін. Іске сәт!,-деді Табылды Әміров.

Ескерте кетсек, реконструкциялау жұмысына байланысты «Маңғыстау» теміржол вокзалы уақытша жанындағы бос ғимаратқа ауыстырылды.

  • 14.04.2025
  • 25
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика