- Блогтар
- Нағаспаев Е. Қ.
Нағаспаев Е. Қ.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Ерсайын Нағаспаев Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының үздік қызметкерлерін марапаттады
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні мерекесіне орай саланың үздік мамандары мен ардагерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
Министр Ерсайын Нағаспаев құттықтау сөзінде соңғы 5 жылда сумен жабдықтау және су бұру саласына 1 трлн теңгеден астам қаржы тартылғанын атап өтті. Ел бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 99,6%-ға дейін ұлғайтылып, 10 мың шақырымнан астам су құбыры және су бұру желілері қайта жаңғыртылды.
«Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қалалар мен ауылдардағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіліп, миллиондаған азаматтардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасалуда», – деді министр.
Саланың дамуына қосқан үлесі үшін 18 маман «Еңбек Ардагері» медалімен, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметі» төсбелгісімен, сондай-ақ «Құрмет» грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталды.
- 18.04.2025
- 28