• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
⚡️ Президент: «Қазақстанның Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретіндегі рөлін арттыра түсу қажет»

– Алтыншы мәселе. Маңғыстау облысы еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру ісінде маңызды рөл атқарады. Бұл – Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы халықаралық көлік дәліздері тоғысқан бірегей жер. Біз теңіз инфрақұрылымын, соның ішінде Ақтау және Құрық порттарын дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Осы айлақтар Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі негізгі тораптың бірі саналады.

Соңғы жылдары бұл дәліз арқылы жүк жеткізу мерзімі үш есе қысқарды. Тасымал құны тұрақталды. Озық технологиялар жаппай енгізіле бастады. Халықаралық логистикалық компаниялар еліміздің көлік саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Олар, әсіресе, теңіз порттарын дамыту ісіне қаржы құюға мүдделі. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, шетел инвесторларымен белсенді жұмыс істеуі керек.

Қазақстанның Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретіндегі рөлін арттыра түсу қажет. Көлік, темір жол және теңіз порты инфрақұрылымын дамытуға арналған жобаларды тездетіп жүзеге асыру керек. Биыл Құрық-Жетібай тас жолын жөндеу жұмысы аяқталады. Енді Түрікменстан бағыты бойынша көлік-тасымал әлеуетін арттыру қажет. Жаңаөзеннен шығып, Кендірлі арқылы Түрікменстан шекарасына дейін баратын күре жолды жөндеуге биылдан бастап кірісуді тапсырамын. Темір жол бекеттерін жаңғырту және жаңарту жұмысы басталды. Еліміз бойынша 125 вокзалды жөндеу жоспарланып отыр. Оның ішінде Маңғыстау, Бейнеу және Шетпе бекеттері бар. Жолаушыларға, әсіресе, өз бетімен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолайлы жағдай жасалады. Бұл шаралар облыстағы және жалпы еліміздегі көлік қатынасын жақсарта түсетіні сөзсіз.

Алты жылдан бері тоқтап тұрған «Бейнеу астық терминалы» биыл қаңтарда іске қосылды. Қазір онда бір мезетте 100 мың тонна астық сақтауға болады. Сондай-ақ күніне 150 тонна – ұн, 50 тонна – жем шығаруға мүмкіндік бар. Ал жаңғырту жұмысынан кейін бұл көрсеткіштер 400 тонна ұн және 100 тонна жемге дейін артады. Астық терминалының қуатын арттырып, толық жұмыс істеуін қамтамасыз еткен жөн. Оны құрлықтағы Өткел кешені ретінде пайдалану қажет. Сол арқылы Каспий маңындағы елдерге өз өнімдерімізді экспорттай аламыз.

t.me/aqorda_resmi

  • 21.04.2025
  • 16
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика