- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Алматыда үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша жұртшылықпен кездесу өтті.
Алматыда үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша жұртшылықпен кездесу өтті.
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтановамен жұртшылықтың кездесуі өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыбы азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері болды.
Кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 наурыздағы Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында берілген тапсырмасын орындау шеңберінде ұйымдастырылды. Кездесу барысында Министрлік өкілдері бүгінгі таңда жаңа заң жобасын әзірлеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды, оның шеңберінде заңның тәсілдері мен негізгі бағыттары пысықталатын болады. Қазіргі уақытта азаматтық қоғам өкілдерінен ұсыныстар жинау жүргізілуде. Барлық келіп түскен ұсыныстар жұмыс тобы шеңберінде пысықталатын болады және одан әрі талқылау үшін негіз болатын реттеуші саясаттың консультативтік құжатының (консультативтік құжат) жобасына енгізіледі.
Жұртшылық болашақ заңның негізгі новеллаларын қоса алғанда, заң жобасындағы жұмыс барысы туралы үнемі хабардар болады.
- 21.04.2025
- 22