- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
*Сарапшылар ҮЕҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы рөлін талқылады*.
*Сарапшылар ҮЕҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы рөлін талқылады*.
Өңірлік ҮЕҰ-лар мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп, ҮЕҰ әлеуметтік жобаларының еліміздегі денсаулық сақтауды дамытудағы әсері туралы талқылады.
Іс-шара ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу бойнша жаһандық қордың грантын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі бағыты ҮЕҰ-ның АИТВ-инфекциясының алдын алудағы әлеуетін талқылауға, сондай-ақ ҮЕҰ-мен бірлесіп тиімді жобалық жұмысты ұйымдастыруға бағытталған.
Кездесу барысында сарапшылар қоғамдастығының, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың (UNAIDS кеңсесі, Елдік үйлестіру комитеті) өкілдерімен бірге мемлекеттік органдар да қатысты.
Іс-шара барысында спикерлер ҮЕҰ-ның түрлі әлеуметтік мәселелерді, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге қосқан үлесін атап өтті, сондай-ақ ҮЕҰ-ның АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі әлеуметтік жобаларын іске асыру үрдісімен танысты.
Кездесу соңында қатысушылар АИТВ-инфекциясын алдын алуға бағытталған бағдарламаларға мемлекеттік қаржыландыруды бөлу бойынша жобаларды айқындап және осы бағыттағы ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша жоспарланатын жұмыстармен бөлісті.
- 21.04.2025
- 22