• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан қызметкерін марапаттады

Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан қызметкерін марапаттады

18 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды. Іс-сапар аясында Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде ерекше батылдық танытқан әскери қызметшілерді құрметтеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3502 әскери бөлімінің жедел қамтамасыз ету ротасының 1-взводының аға маманы ефрейтор Нұрғазы Тәшінбековке "Жауынгерлік ерлігі үшін" мемлекеттік наградасын — медалін тапсыру маңызды сәттердің бірі болды. Ол қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде батылдық, табандылық және кәсібилік танытқаны үшін осы марапатқа ие болды. Марапатты өз қолынан тапсыра отырып, Президент мұндай әскери қызметшілердің Отанға деген адалдығы мен батылдығы жауынгерлік рухты нығайтатынын және үлгі болатынын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан армиясы ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі болып қала беретініне сенім білдірді.

— Президенттің қолынан медаль алу — үлкен құрмет пен жауапкершілік. Мен бұл марапатты тек өзіме емес, сонымен қатар құқықтық тәртіп әскерлеріне берілген баға ретінде қабылдаймын. Біз бірге қызмет атқарамыз, тапсырмаларға бірге шығамыз және әрқайсымыз өз еліміздің қауіпсіздігі үшін соңына дейін қызмет етуге дайынбыз, — деді Нұрғазы Тәшінбеков. Президент барлық әскери қызметшіге адал қызметі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық және алға қойылған міндеттерді орындауда табыс тіледі.

  • 23.04.2025
  • 28
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика