• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Ақтауда өңірлік ғылымды дамытуға арналған көшпелі отырыс өтті

Бүгін, 25 сәуір күні Ақтау қаласында, «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында
ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті.

Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, ғылыми ұйымдардың басшылары, академиктер, елдің жетекші ғалымдары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Отырыста көлік логистикасын дамытуды ғылыми сүйемелдеудің өзекті мәселелері және ел экономикасының инновациялық дамуындағы өңірлік ғылымның рөлі мен оны дамыту жолдары талқыланды.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай көшпелі отырыстың өңір үшін аса маңызды мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешуге серпін беретінін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Маңғыстау облысына келген сапарында облыс экономикасын, оның өндірістік және логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауқымды міндеттер қойды. Сол тапсырмаларды іске асырудың нақты қадамдарының бірі – бүгінгі отырыс. Расында да, Маңғыстау – барлық салада әлеуеті жоғары өңір. Бұл бағытта ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, нақты жобаларды жүзеге асыруға ниеттіміз. Бізде білімді де дарынды жастар бар. Қазіргідей жаңа технологиялардың дамыған заманында тек мұнайға сүйеніп отыруға болмайды. Тың салаларды дамытуға жастарды белсенді қатыстыру керек - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Академия президенті Ақылбек Күрішбаев алғы сөзінде, Маңғыстау облысы даму бойынша зор әлеуеті бар еліміздің маңызды экономикалық өңірлерінің бірі екенін айтып, аймақтың дәстүрлі мұнай-газ секторынан басқа, энергетика, химия саласын, мал мен балық шаруашылықтарын және де туризмді дамытуға мол мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Сондай ол ұлттық ғылым академиясы Маңғыстау облысы мен өңірлік ғылым және технологиялар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Отырыс барысында өңірлік ғылымның дамуының өзекті мәселелері, оның өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы талқыланды. Қатысушылардың назарына жаңа зерттеулердің нәтижелері, ҚР-ның «Ғылым және технологиялық саясат туралы» қабылданған Заңы аясында өңірде қолданыстағы және болашақ өндірістердің дамуына қатысты технологиялық мәселелер мен проблемаларды шешу мүмкіндіктері ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар өңір ерекшеліктеріне бейімделген ғылымды дамытудың жаңа басым бағыттарымен танысты.

Академия Президиуымы көшпелі отырысының қорытындысы бойынша көлік логистикасын дамыту және саланы ғылыми сүйемелдеу мәселелері бойынша аналитикалық жазба дайындалып, өңірлік ғылымды дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары бекітіледі.

Көшпелі отырыс аясында ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылып, Маңғыстау облысындағы өңірлік ғылымның басым бағыттарын айқындауға арналған форсайт-сессия өткізілді. «Ғылым-бизнес» питч-сессиясы форматында коммерцияландыруға дайын перспективалы ғылыми жобалар ұсынылды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 25.04.2025
  • 40
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика