- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Теміртау қаласына жұмыс сапарым
Теміртауда жолдарды жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Олардың ішінде Металлургтер даңғылын қайта құруға ерекше назар аударылуда. Мұнда жол жаңартылып, жүргіншілер жолы, жарықтандыру тіректері мен абаттандыру элементтері қайта салынады. Бұл жұмыстар басталмас бұрын жылу желілері ауыстырылды.
Трамвай паркіне де барып, ұжыммен кездестім. Мұнда жаңа, заманауи вагондардың әкелінгені көңіл қуантады. Бұл қалалық қоғамдық көлікті дамытудың жақсы үлгісі.
Қысқа дайындық мәселесі де аса маңызды. 2-ЖЭО-да жетінші қазандықты іске қосу аяқталады. Бұл қаладағы алғашқы автоматтандырылған қазандық, оны басқару пульт арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жұмыстардың барлығы қалалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жүйелі шаралардың бір бөлігі болып табылады.
- 29.04.2025
- 19