• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нағаспаев Е. Қ.
Ерсайын Нағаспаев Kazakhstan Machinery Fair ашылуында сөз сөйледі

Бүгін Астана қаласында VI Машина жасау және металл өңдеудің халықаралық мамандандырылғанKazakhstan Machinery Fair көрмесі басталды. Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құттықтау сөз сөйледі.

         ​Ашылу салтанатына Чехия Республикасының Өнеркәсіп және сауда вице-министрі Мартин Фржелич, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев,Leipziger Messe бас директоры Маркус Гайзенбергер, Astana Expo  компаниясының атқарушы директоры Қуаныш Қанапьянов қатысты.

         ​«Машина жасау – еліміздің өнеркәсіптік әлеуетінің негізі, технологиялық прогрестің драйвері және ұлттық экономиканы қолдау.Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы саланың үлесі 19%-ды құрайды», – деді министр.

         Сондай-ақ Ерсайын Нағаспаев саланың тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіштер 9,7%-ға өскен. Биылғы жылы 16%-дық өсімді қамтамасыз ету ауқымды мақсат болып отыр.

         ​Kazakhstan Machinery Fair – Орталық Азиядағы ең ірі салалық оқиға. Экспозицияда металл өңдеуге және кесуге арналған білдектер мен жабдықтар, дәнекерлеу жүйелері мен жиынтықтаушылары, индустриялық автоматтандыру және робототехника, сондай-ақ құралдар, компоненттер және өндіріс технологиялары бар.

         Қатысушылар арасында – Hyundai WIA, CHIRON Group SE, KAMAZ, QazTehna, Bodor, XT Laser, Robentex, ISCAR Kazakhstan, Zoller, KAPP NILES, IGM Robotersysteme, Guhring, WeldExpert, SMWAutoblok, Linsinger Maschinenbau және басқалар бар.

         ​Германия, Түркия, Австрия, Италия, Қытай елдерінің ұлттық экспозицияларын атап өткен жөн. Германия павильонында Саксония және Тюрингия федералды штаттарының ұжымдық стендтері, сондай-ақ әртүрлі салаларға арналған жоғары технологиялық шешімдері бар жетекші неміс компаниялары бар.

         Көрмені жыл сайын мыңдаған мамандар, соның ішінде зауыттар мен өндірістік кәсіпорындардың, машина жасау жабдықтарын сататын көтерме және бөлшек сауда компанияларының, өнеркәсіптік технологияларды әзірлеуші ​​және өндіретін компаниялардың, құрылыс және өңдеуші саланың, өнеркәсіптің мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ инженерлер мен технологтар, , автоматика және робототехника мамандары, өнеркәсіптік дизайн және машина жасау саласындағы мамандар тамашалайды.

  • 30.04.2025
  • 34
Нағаспаев Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика