- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу арқылы 4 трлн теңгеге 698 мың келісімшарт жасалды. Аталған көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда бір жарым есеге ұлғайған. Бұл өсім «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы күшіне енгеннен кейін байқалып отыр. Енгізілген өзгерістер мемлекеттік сатыпалым рәсімдерінің мерзімін айтарлықтай азайтып, тиісті процестерді оңтайландыруға жол ашты
Естеріңізге сала кетейін, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы күшіне енгізілген болатын. Аталған реформа Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылды. Қажетті жаңашылдық отандық өнім өндірісін ынталандыруға, инновацияларды енгізуге және адал бәсекелестікті дамытуға бағытталған.
Мәселен, бұрын конкурсты өткізу мерзімі шамамен 2 айды алатын. Енді бұл процедура 10 күнге дейін азайтылды. Рейтингті-баллдық жүйе арқылы байқау жеңімпаздары қазір 5 күннің ішінде анықталады.
Негізгі өзгерістердің бірі – қызмет ұсынушылардың жауапкершілігін күшейту. Айталық, енді сыбайлас жемқорлыққа байланысты сотталып, жалақы бойынша берешегі бар әлеуетті өндірушілер конкурсқа қатыса алмайды.
Заңның алғашқы нәтижесін түйіндей келе бұл реформа отандық өндірушіні қолдауға арналған деп нық сеніммен айтуға болады. Тиісті өзгерістер адал қызмет көрсетушілерге қосымша артықшылықтар беріп отыр. Өз кезегінде тапсырыс берушілерге жылдам әрі ашық қызмет көрсетіліп келеді.
- 30.04.2025
- 25