• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жер асты су көздерінің кен орындары картасын жасау және су ресурстарының ақпараттық жүйесін құруға грант: Су ресурстары және ирригация министрлігі халықаралық серіктестермен бірқатар құжатқа қол қойды

Астанада су секторын дамыту бойынша серіктестердің Үйлестіру кеңесінің II отырысы өтті. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианың төрағалығымен өткен іс-шараға халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының, шетелдік даму агенттіктерінің, дипломатиялық корпус пен бизнестің өкілдері қатысты.

Отырыста Су ресурстары және ирригация министрлігі, оған ведомстволық қарасты ұйымдар мен бірқатар халықаралық серіктес арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бес құжатқа қол қою рәсімі өтті.

Министрлік Испанияның Xcalibur Smart Mapping компаниясымен Қазақстанның батысындағы жер асты суларының кен орындарын картаға түсіру жобасы бойынша келісімге қол қойды. Құжат екі жақтың еліміздің жер асты су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті зерттеуді жүргізуге келісімін растайды.

Министрлік, Ислам даму банкі және БҰҰДБ ниет туралы мәлімдемеге қол қойды. Құжат Қазақстанның су саласындағы техникалық әлеуетін бірлесіп нығайтуды, цифрландыруды ілгерілетуді, су тасқынын болжау жүйесін және климаттың өзгеруіне төзімділікті жетілдіруді, су саясатын дамытуды көздейді. 

Су ресурстарының Ақпараттық-талдау орталығы мен Еуразиялық даму банкі су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құруға грант бөлу туралы келісімге қол қойды. Жоба 2026 жылы аяқталады. Оның мақсаты - Қазақстанның су ресурстарын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, шығындарды азайту және олардың ұтымды бөлінуін қамтамасыз ету.

«Қазсушар» кәсіпорны мен қытайлық PowerChina International компаниясы қазіргі ынтымақтастық және оны одан әрі нығайту туралы келісімге қол қойды. Атап айтқанда, тараптар қазақстандық су шаруашылығы мамандары үшін Қытайда оқыту семинарларын өткізуге келісті. 30 адамнан тұратын бірінші топ Қытайда екі апталық оқуды бастап кеткенін қоса кетейік.

Сондай-ақ «Қазсушар» «Primus Capital Almaty» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат республикалық мемлекеттік кәсіпорынның гидротехникалық құрылыстарында шағын гидроэлектр станцияларын салу саласындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.

«Бүгінгі таңда Үйлестіру кеңесі өзін мемлекеттік, халықаралық және жеке секторлар арасындағы әріптестікті қалыптастыру үшін тиімді алаң ретінде өзін көрсетті. Жарты жыл ішінде біз нақты келісімдерге қол жеткізіп, бірқатар серіктес елмен, даму институттарымен, қаржы ұйымдарымен және ірі компаниялармен жаңа жобаларды іске қостық. Министрлік Нидерланды, Франция, Германия, Испания, АҚШ, Израиль, ҚХР, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен БҰҰДБ сияқты халықаралық әріптестерімен 3 келісім мен 16 меморандум жасасты»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Су секторын дамыту жөніндегі серіктестердің Үйлестіру кеңесі былтыр қыркүйек айында Су ресурстары және ирригация министрлігінің және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының бастамасымен құрылды. Қазіргі уақытта кеңестің құрамында 35 серіктес бар.

 

  • 05.05.2025
  • 15
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика